Сенім телефоны: +7 (724)35-25-043
Қараша 08, 2019
Байқау 2019

«Үздік мемлекеттік мектепке дейінгі әдіскер – 2019» облыстық байқауы

Жаңақорған ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылғы 24 қазанда мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыру және оларды ынталандыру мақсатында «Үздік мемлекеттік мектепке дейінгі әдіскер – 2019» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтіп, байқауға №5 «Балғын», №2 «Ұлан», «Іңкәр-Ай», «Ақбота», «Болашақ»,№1 «Камшат», «Еркеназ» бөбекжай-бақшаларының әдіскерлері қатысып, байқау нәтижесі бойынша Жаңақорған кентінде орналасқан №5 «Балғын» бөбекжай-бақшасының әдіскері Г.Досмағамбетова жеңімпаз деп танылып, үздік әдіскер байқауының ІІ-облыстық кезеңіне жолдама алған болатын.
2019 жылғы 29 қазанда облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі бас маманы З.Матжанова, облыстық оқу орталығының директорының орынбасары Г. Дихамбаева және «Алпамыс» мемлекеттік балабақшасының меңгерушісі Қ.Қарақұлова қазылық еткен байқаудың ІІ-облыстық кезеңінде Жаңақорған ауданының №5 «Балғын» мемлекеттік балабақшасының әдіскері Г.Досмағамбетова ІІІ орынды иеленді. Әдіскерді құттықтаймыз!