Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Март 20, 2020
«Әлем таныған ұлы Абай»!

                                                                              «Әлем таныған ұлы Абай»!
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Әлем таныған ұлы Абай» атты облыстық семинар болып өтті.Семинарға аудан әкімі С.Мақашов, Облыстық білім басқармасының бас маманы М.Жаукеева, білім бөлімінің басшысы Б.Ибрагимов және облыстық,аудандық мектеп кітапханашылары қатысты.
Семинардың мақсаты: Тарих қойнауындағы Абай әлемін бүгінгі ұрпақ алдында көбірек насихаттап,рухани азығымызды молайту. Мектеп кітапханашыларының бір-бірімен тәжірбие алмастыру және баланы кітапханаға тарту, ғажайып оқулықтармен таныстыру.Мектеп кітапханасы мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы кітапхна.