Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Ноябрь 14, 2019
Конференция

Кәсіподақ ұйымы дүние жүзінің 105 елінде кең тараған, танымал, еңбекші халыққа бірден бір қажет, бастауын осыдан төрт ғасыр бұрынғы, Англиядағы Тред –юниондардардан алған өміршең қоғамдық ұйым. Ал Қазақстанда биыл кәсіподақ 95 жылдығын атап өтіп, 10 қазан ресми түрде мемлекеттік мереке, кәсіподақ күні болып бекітілуі елімізде кәсіподақтың саяси ролін анықтайды. Қоғамның жаңарып, дамуымен бірге кәсіподақ ұйымы да еңбекшілердің заманауи қажеттілігіне қарай жаңарып даму үстіндегі ұйым.
Осы орайда облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Есқалиева Гүлнұр Балабекқызы мен облыстық Кәсіподақ комитетінің заңгері Өтегенова Нұргүлдің қатысуымен 2019 жылғы 13 қараша күні №125 орта мектепте Жаңақорған аудандық білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының ХІҮ конференциясы өтті.
Конференция барысында аудандық кәсіподақ комитетінің 2014-2019 жылдардағы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалып, аудандық кәсіподақ комитетінің төралқасы қайта бекітілді.