Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Октябрь 19, 2019
«Ұстаздар күні»

«Ұлағатты ұстазға үлкен ықыласпен»

Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі - «Ұстаздар күні»! Мереке қарсаңында аудан көлемінде орналасқан білім беру ұйымдарының  ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтау мақсатында «Ұлағатты ұстазға үлкен ықыласпен» атты игі  шара ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімі С.Мақашов өз уақытын аямай, өзгенің бақытын бағалайтын ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап,  білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарды аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Сондай- ақ шара барысында  аудандық білім саласындағы кәсіподақ ұйымының жұмысына, оқулықтар, мектеп жанындағы лагерь, жаңаша білім мазмұны жайлы көрме қойылып, аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.