Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Ноябрь 08, 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ САРАПТАМАЛЫҚ ТОБЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА БОЛДЫ. ҚР Президентінің аппараты жанынан құрылған балалардың құқығын қорғау жөніндегі жұмыс тобының өкілі, "Nur Otan" партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі Кеңес мүшесі Мансия Аяпбергенқызы бастаған жұмысшы топ алдымен Жайылма ауылындағы №195 мектеп гимназиясыннан бастап, аудандық емхана, аурухана, кент орталығындағы арнайы балабақша және №3 мектеп интернатының жұмысымен танысты.

Жалпы арнайы өкіл Мансия Аяпбергенқызы №195 мектеп гимназиясы мен №3 мектеп интернатының балалармен жұмыс жасау, оларға жағдай жасау, дұрыс тамақтану және ең бастысы білім ордаларының ішкі санитарлық тазалығы барлығына өте жоғары баға берді. Өз сөзінде "Еліміздің көптеген білім ошақтарында болдым, жұмысымен таныстым, алайда мынадай кереметті алғашқы рет көруім" деп мерейін көтерді.