Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Март 14, 2025
Қамқоршылық кеңес

Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №293 орта мектебі жанынан Қамқоршылық кеңесін құру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі№ 355 бұйрығымен (өзгеріс 2018 жылғы 02 сәуірдегі №123 бұйрықпен) бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес, «Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің «№293 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан Қамқоршылық кеңестің құрылатыны туралы хабарланады.

Осыған байланысты, мектеп жанынан құрылатын Қамқоршылық кеңес пен оның құрамы бойынша ұсыныстарды 2025 жылдың 03 сәуіріне дейін қабылдаймыз.

Білім мекемесі Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Тобат Құлымбетов көшесі №70 орналасқан.

Ұсыныс жазбаша мекен-жайға келу арқылы, сондай-ақ mektep.293@mail.ru электронды адресі мен мектептің Фейсбук әлеуметтік желідегі Жайлы Мектеп Жаңақорған парақшасында қабылданады. Жауапты мамандармен жұмыс күндері күндізгі сағат 09.00 және 18.00 аралығында байланысуға болады.
Байланыс номерлері 87077908088.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.

Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді іріктеу кезінде білімінің болуы, кәсіби білімі, құзыреттілігі, іскерлік беделі ескеріледі.