Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Март 27, 2025
Конкурс жарияланады

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №293 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Т.Құлымбетов көшесі №70, mektep.293@mail.ru, «Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №293 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Бос лауазым атауы: оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі

Негізгі функционалдық міндеттері:

шеберхананың қызметін басқарады, еңбек (өндірістік) оқытудың оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді;

шеберхананы жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен жарақтандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

есепке алуды жүргізеді және олардың пайдаланылуына, жабдықтың электр және өрт қауіпсіздігіне уақтылы тексерілуіне толық жауапты болады;

жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды сабаққа дайындауды ұйымдастырады;

жабдықты, оқыту құралдарын қолдану және арнаулы киімді пайдалану қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, еңбекке (өндірістік) оқыту сабақтарында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі нұсқамалардың жүргізілуін бақылайды;

шеберханадағы жұмыс уақытында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;

компьютерліксауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардымеңгерген;

білімалушылар мен тәрбиеленушілерарасындасыбайласжемқорлыққақарсымәдениетті, академиялықадалдыққағидаттарынбойынасіңіреді.

Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі, педагогикалық еңбек өтілі – кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға құжаттар хабарлама жарияланған күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

11) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

* Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурс құжат қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Т.Құлымбетов көшесі №70 мекен жайында өткізіледі.