Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Ноябрь 04, 2024
Конкурс жарияланады

Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін 2025 жылға қалыптастыру үшін конкурс

 

Конкурсты ұйымдастырушы: «Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі» КММ 120300, Жаңақорған ауданы Ү. Мадиев көшесі, №51, №110 мектеп ғимараты.

Конкурстық құжат ақысыз ұсынылады.

 

Аудандық білім бөлімі ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығы 12 тармағын басшылыққа алып конкурс жариялайды. Осыған сәйкес 2025 жылға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыратын мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі білім бөлімінің ү.ж. 28 қазан күнгі № 189 бұйрығымен құрылған комиссияға қосымшада көрсетілген № 381 бұйрықтың 14-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін электронды және қағаз түрінде 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін білім бөліміне жеткізуді тапсырады.

Қосымша

 

 

  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).