Телефон доверия: +7 (724)35-25-043
Июль 13, 2020
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Жаңақорған ауданы жекеменшік балабақшаларда балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында төмендегідей елді мекендерде бұрын мектеп жанындағы шағын орталықтарда орналсырылған 115 орынға мемлекеттік тапсырысты қайта орналастыруға конкурс жарияланады.

Жаңақорған кентінде – 40 орын                                                                                                                                                                        

Қожакент ауылында  - 25 орын                                                                                            

Бесарық бекетінде    - 25 орын                                

Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуұйымдары « Жаңақорған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына жазылған өтініш;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінг іұйымның жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің (қарызының) жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуш іқұжаттардың көшірмесі (жеке меншік немесе жалға алу);

4) «Халықтыңсанитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуіріндегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген «Эпидемиалық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерг ежәне гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйке мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестіг ітуралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5)  медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттікбілім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшем шарттары:

1) жоғарғы және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып  табылады.

Құжаттар Жаңақорған ауданы Ү.Мадиевкөшесі (№110 мектепғимараты) № 51 үй, Жаңақорған аудандық білім бөлімінде 2020 жылдың 3-ші тамызына дейін қабылданады.