Сенім телефоны: +7 (724)35-25-043

   Білім беру ұйымдарында құрылған Қамқоршылық кеңестері жұмыстары жайлы

        Жаңақорған  аудандық білім бөлімі  арқылы барлық білім мекемелеріндегі Қамқоршылық кеңес отырыстарының «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру мен оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы  және осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123 бұйрығы талаптарына сай өткізілуі назарға алынып, қадағалау шаралары жүргізілуде. 

 Қызылорда  облыстық білім саласындағы бақылау департаментімен 2018 жылдың  қазан айында жасалған мониторингтік  талдау қорытындысында анықталған  кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында білім мекемелеріндегі  Қамқоршылық Кеңесі 2018 жылдың қараша айынан бастап  қайта құрылды. Бұл жөнінде ереже талаптарын сақтай отырып, аудандық «Жаңақорған тынысы» басылымына, білім бөлімінің ресми сайтына  алдын ала ақпараттандырылды.

         Ресми жарияланудың нәтижесі бойынша барлық білім мекемелерінен кеңес құрамына ұсыныс беру аяқталғаннан кейін аудандық білім бөлімінің  №154 санды бұйрығымен    “ Жаңақорған аудандық білім бөлімі”  коммуналдық мемлекеттік ме-кемесіне қарасты барлық білім беру ұйымдарында құрылатын қамқоршылық кеңестің құрамы үлгілік қағида талаптарына сәйкес қайта  бекітілді. Қазіргі таңда ауданда  47 білім мекемесінде Қамқоршылық кеңес жұмыс жасайды.

          Жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат аудандық білім бөлімінің осы  ресми сайтына орналастырылуда.



Аудандық білім бөлімінің №80 (28.08.2019 ж) санды бұйрығына қосымша  ЖҮКТЕУ