Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2018 жылғы « 4» қаңтардағы
№ 422 қаулысымен бекітілген
№7 қосымша
«Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру саласындағы қызметті үйлестіруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бағынысты ведомстволары бар.
3. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі-мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» басшысының бұйрықтары түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Құрманғазы Сағырбаев көшесі №53 А.
«Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағ. 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесiнiң құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
12. «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.