Сенім телефоны: +7 (724)35-25-043
Сәуір 20, 2025
ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ  

✅️Аудан әкімдігі, аудандық білім бөлімі, полиция бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және еріктілердің қатысуымен түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

✅️Жаңақорған кентіндегі халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

✅️Әсіресе, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстардың маңызы зор. Өйткені, мәселемен күрескеннен алдын алған абзалырақ екені белгілі.

Бала тәрбиесінде, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұғалімдер ғана емес, ең алдымен ата-ана жауапты. Сондықтан әрбір ата-ана жауапкершіліктен жалтармай, балаларының тәртібін қадағалап, үнемі бақылауда ұстауы және төмендегі ескертпені назарға алуы керек.