Сенім телефоны: +7 (724)35-25-043
Тамыз 04, 2020
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жаңа оқу жылына дайындық барысы

Жаңақорған ауданында 2020-2021 оқу жылын білім беру ұйымдары  екі форматта (онлайн, офлайн) жүргізетін болады.

2020-2021 оқу жылында оқушы саны жобамен 1-11 сынып аралығында 18051  оқушы болады. Мектеп алды даярлық сыныбында 1880 дей оқушы болса, бірінші сыныпқа 2200 оқушы келгелі отыр. Яғни 2019 жылмен салыстырғанда жобамен 300 оқушыға өсім бар. 

Дәстүрлі оқыту бойынша №89, 221, 242, 254, 255, 180, 161, 245  мектептерде  барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың білім алуын ұйымдастыру жоспарлануда.

Қашықтықтан оқыту бойынша интернет желісімен барлық 18051 оқушының- 16694 баласында мүмкіндігі бар.

968 оқушы интернет желісі және ұялы байланыс арқылы жұмыс жасай алмайды.

Осыған орай, Қазақтелеком арқылы Май бекеті мен Саяжай аудандары бойынша ұялы байланыс  жылдамдығын (3G. 4G) арттыруға жұмыстар жасалуда. Аталған мөлтек аудандарға ұялы байланыс, интернет жылдамдығын арттыратын 2 дана антенна құрылғысын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Электронды  құрылғылары жоқ 360 отбасының 801 баласына (5 баласы бар отбасыға 3 дана, 2-3 баласы бар отбасыға 2 дана, 1 баласы бар отбасыға) есептегенде барлығы 514 дана планшет қажеттігі анықталды. Қаржысы 70000 теңгеден барлығы 35980,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

Қашықтан білім алуда «Осал» топқа жататын балалардың дайындығын ерекше назарға алу қажеттілігі қарастырылған.   

         Бүгінгі күні аудан бойынша аз қамтылған отбасылардың бала саны  3736 (олардың ішінде 2032 бала  АӘК алатындар).

         Жыл сайын дәстүрлі түрде  «Мектепке жол» жалпы республикалық акция өткізіледі. Мақсаты - әлеуметтік жағдай себептерімен оқумен қамтылмауының алдын алу.

Осыған орай, аталған акция аясында    «Осал»  топқа   жататын балаларды жеке техникалық құралдарымен қамтамасыз  етуде білім беру ұйымдарының есебінде тұрған құралдарды келісім шарт арқылы беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Білім беру ұйымдарының барлығы түгелімен Кең жолақты интернетке (ШПД) қосылған, оның ішінде  21 мектеп – 4 Мбит/с; 6 мектеп – 4-8 Мбит/с, 3 мектеп - 8 Мбит/с, 12 мектеп - 10 Мбит/с-пен жұмыс жасайды.

 Қазіргі мектепте жалпы компьютер саны 2929 дана (барлығы жарамды), планшет саны 603 (жарамды).

  Санитарлық талаптарды орындау мақсатында 42 мектепке диз.тунель – 42 дана (1 дана бағасы 300000 теңге), байланыссыз термометр – 126 дана (1 дана бағасы 15000 теңге), санитайзер – 420 дана (1 дана бағасы 3500 теңге), бактерицитті шамдар – 210 дана (1 дана бағасы 20000 теңге), антисептиктер (литр) – 3360 литр (1 литр бағасы 1800 теңге), барлығы: 26208,0 мың теңге қаржыға бюджеттік өтінім берілді.

Оқулыққа қаралған қаржы 98056,0 мың теңге, Қазіргі таңда алыну керек 61694 кітаптың 30000 данасы 49% келді. Мектептерге таратылды.

42 мектептің  37-де ішкі әжетханалары жұмыс жасап тұр, қалған 5 білім беру ұйымының екеуінде (№86, 89) күрделі жөндеу жұмыстарымен бірге ( біту мерзімі 15 тамыз. 2020) ішкі әжетханалары іске қосылады, қалған 3 мектепке (167, 169, 255) маусым айында тиісті қаржылары қаралды, қажетті заттар алынды, жұмыстар тамыз айының 10-іне дейін аяқталады.

Білім беру ұйымдарының бейнебақылау камераларымен жабдықталуы бойынша 97,6%, 42 мектептің 41-іне бейнебақылау камералары орнатылған.  Сондай-ақ, мектепте орналатылған бейнебақылау камеларын жедел басқару орталықтарының ақпараттық кіші жүйелеріне қосылу немесе аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімдеріне ақпарат беру мүмкіндігі қарастырылған,  террористтік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге  қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес бейнебақылау жүйесін орнатуға 11 мектепке облыстық бюджеттен 39000,0 мың теңге қаралды.  

Аудандағы 42 білім беру ұйымының 23-ы қатты отын, 12 мектеп (№52, 55, 161, 162, 164, 192, 196, 221, 223, 209, 247, 256) сұйық отынмен, кент  орталығындағы 7 мектеп (№3, 51, 56, 110, 125, 163, 169) газбен жылытылады.

2020 жылдың ІІ жарты жылдығында сұйық отын пайдаланатын мектептерді (12 мектеп сұйық отын, 1 мектеп №194 мектепті) барлығы 13 мектепті тасымалданатын газбен жылыту жүйесіне қосу үшін ПИР құжаттары дайындалып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі дайындалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Қысқы маусымға дайындық барысында №166 мектепке 2 дана пеш, №180, 184, мектептерге су айдайтын насос алуға бюджекттік өтінім берілді.