2019 жылдың 11 желтоқсанында Түгіскен ауылы Ә.Әбутәліпов атындағы № 209 орта мектебінде «Білім беру үдерісін жаңарту жағдайында жаңа форматтағы сапалы білім мен тәрбиені қалыптастыру және дамыту» тақырыбында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Семинарға аудан әкімі С.Мақашов және барлық 42 мектептің директорлары мен пән мұғалімдері қатысты.Жаңартылған білім беру мазмұны, критериалды бағалау, үштілділік,кіріктірілген сабақ және рухани жаңғыру бағыты бойынша тәрбие сағаттары өткізілді .
Мектеп директоры Л.Үсенбекова химия пәні бойынша 9 сыныпқа «Сілтілік жер металдар» тақырыбында өткізілген сабағынан бастап барлық пән мұғалімдерінің сабағына қорытынды жиналыста жақсы деген бағасын алды. Бұл үрдіс алдағы уақытта барлық білім беру ұйымдарында тәжірибе алмасу мақсатында жалғасын табатын болады.