Аудан орталығындағы «Ордакент» жастар және ардагерлер ресурстық орталығында білім беру ұйымдарының арасында алғаш рет «ZhanakorganRobotics-2019» атты аудандық РОБОТОТЕХНИКАДАН командалық жарыс өтті. Екі кезңнен өткен жарысқа 14-Білім беру мекемелерінен 50ден астам оқушылар катысып, өздерінің бақтарын сынады. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: 1.Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасында білім беру және спорттық робототехниканы дамыту жайында кеңінен таныстыру.
2.Жасөспірімдер арасында өзекті инженерлік- техникалық есептерді іс жүзінде шеше білу және техникамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
3.Балалар мен жасөспірімдердің инновация мен жоғары технологиялар саласына деген қызығушылығын арттыру.
4.Робототехниканы дамытушы білім беру ұйымдарын және робототехникаға қызығушылығы бар оқушыларға толық қолдау көрсету.
Алдағы уақытта робототехника байқаулары жиі ұйымдастырылып жалғасын табады деген мақсаттамыз.
Осы жарысқа командаларды дайындаған робототехника пәнінің жетекшілері мен қатысушы оқушылары аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.