Сенім телефоны: +7 (724)35-25-043
Қараша 25, 2019

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ЖАЙЛЫ

2019 жылғы 25 қараша күні Жаңақорған кентінде орналасқан №56 орта мектептің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбековтың төрағалығымен аудандық полиция бөлімі және аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі "Жасөспірімдердің құқығын қорғау мәселесі және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын-алу" бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жай күйі жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Мақсұтұлы Ибрагимов баяндама жасап, аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Асанұлы Тұрсекеев жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың толастамай отырғанын және Тараз қаласында орын алған жағдайдың біздің ауданымызда болмайтындығына ешкім кепілдік бере алмайтындығына тоқталып, барлық білім беру ұйымдарының ауласына бейнебақылау камераларын орнатуды және арнайы күзет мекемелерінің қызметін пайдалануды ұсынды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Жарқынбекұлы балалардың тәрбиесіне немқұрайлы қарамау қажет екендігіне тоқталып, тиісті қызметкерлерге тапсырмасын беріп, жиналысты қорытындылады.