Ағымдағы жылдың 6 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен sabak.kz сайтында, kyzylorda_OBL кабинетінде бірыңғай жалпы Республикалық«Адалдық сағаты» тақырыбында онлайн сабақ өтті.
Сабаққа ауданның білім беру ұйымдарының 9,10,11 сынып оқушылары қатысты.Онлайн сабақ барысында Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғалия Әлімқұлова және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов оқушыларға әділдік, парасаттылық туралы айтып, ой қозғады.
Кездесуде оқушылардың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы білімі қалыптасты.