Сонымен қатар, жаңа оқу жылында 128 млн теңгеге Электронды оқыту жүйесіне қажетті мультимедия кабинеті яғни, үштік (компьютер, интерактивті тақта, проектор) 260 дана алынып, 42 мектепке берілді.
Сондай-ақ 40 248,0 мың теңге - робототехника зертханасы 13 комплект,3 442,0 мың теңге - 3 D кабинет 1 комплект, 4 772,2 мың теңге - цифрлы лабораториялық білім беру кабинетін 1 комплект пайдалануға берілді.
10 млн 62 мың теңгеге оқушылар роботтарды компьютермен басқару жолдардын оқып үйренуге арналған 3 робототехника кабинеті, №110 мектеп–лицейге, №195 мектеп гимназияға және аудан орталығында орналасқан аудандық «Балалар мен мәдени–тәрбиелік жұмыстар» орталығына пайдалануға беріліп жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы 5 мектепке физика кабинеті берілді. 2018 жылдың есебінен білім беру ұйымдарына 1109 компьютер беріліп, жаңартылды. Жаңа үлгідегі физика -12 дана, химия- 12 дана ,биология -9 кабинеттері жабдықталды. Осы жылы 12 мектепке робототехника зертханасы берілді.
Ауданда Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компаниямен бірлесе сапалы білімді баршаға қолжетімді ету бағытында «BilimLend» оқу порталын барлық ұстаздар пайдаланады. 2018 жылы ақпан айынан бастап барлық мектептердің логин паролдері бойынша 100 % активация жасалынып, қазіргі уақытта барлық мектеп мұғалімдері BilimLand.kz цифрлы жүйесін қолдану арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі анимациялар, видеофильмдер, интерективті жаттығулар, симуляторлар, ойындар мен тест тапсырмалары негізінде білім беретін бірегей платформа ақпараттарын пайдалануда.